Тендерлерге қалай қатысуға болады
Қазақстанда HeidelbergMaterials компаниялар тобының сатып алуы AribaSourcing тендерлік алаңы арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуетті жеткізушілер үшін қажетті қадамдар:
- Тендерлерге қатысу туралы шарттарды қабылдау. Құжаттарды қоса беру.
- AribaSourcing тендерлік алаңында тіркелу. Тіркеу шақыру бойынша жүзеге асырылады. Шақыруды сіз өзіңіздің жолдамаңыз бойынша сатып алу бөлімінің қызметкерінен сұрай аласыз. Контактілерді «Бізбен қалай байланысуға болады» бөлімінен таба аласыз.
- Тіркелгеннен кейін тиісті сатып алушыға хабарлаңыз. Сатып алушылардың байланыстарын «Бізбен қалай байланысуға болады» бөлімінен табуға болады.
- Тендерге шақыруды күтіңіз. Хабарлама сіздің поштаңызға келеді.
Техникалық мәселелер бойынша жүгіну: Серикбаева Адиля
(Сатып алуды бақылаушы)
Тел: +7 7715065001
Моб: +7 7715065001
E-mail: adilya.serikbayeva@heidelbergmaterials.com
Қалай біздің жеткізуші болуға болады
Сатып алуды басқару Қазақстандағы HeidelbergMaterials сатып алу туралы ережеге және HeidelbergMaterials компаниясының іскерлік мінез-құлық кодексіне сәйкес баға ұсыныстары мен тендерлік рәсімдерді талдау негізінде жүзеге асырылады.
Әлеуетті жеткізуші:
- Құқықтық қабілеттілікке ие болуы (заңды тұлғалар үшін);
- Әрекет қабілеттілігіне ие болуы (жеке тұлға үшін);
- Төлем қабілеттілігі болуы, мерзімі өткен салық берешегі болмауы, банкроттық не тарату рәсімінде болмауы;
- Кәсіби біліктілігі мен тәжірибесі жеткілікті мамандары болуы, сатып алу шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарының болуы қажет;
- Егер жеткізуші өндіруші зауыттың ресми дилері (өкілі) болып табылса, онда өндіруші зауыттың барлық кепілдік міндеттемелерін сақтай отырып, жеткізушінің өндірушінің ресми дилері (өкілі) ретіндегі мәртебесін растайтын тиісті құжаттар ұсынылуы тиіс;
- Лицензиялауға жататын қызмет түрлерін жүзеге асыратын әлеуетті жеткізушінің құқық қабілеттілігі Қазақстан Республикасының Лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті лицензияның (қосымшасымен) көшірмесін беру арқылы расталады.
Алдын ала бағалау үшін жеткізуші растайтын құжаттарды қоса берілген тізбеге сәйкес сатып алу бөліміне ұсынуы тиіс.