logo

Heidelbergmaterials компанияларының трансформациясы мен ребрендингі

Біздің болашағымыз — тұрақты.
Біздің болашағымыз — бұл цифрлық технологиялар.
Ол цемент шеңберінен тыс ілгерілейді.

Көптеген жылдар бойы компания ертеңгі күнгі әлем үшін материалдар ұсыну және қызметті біздің әлеуметтік мақсаттарымыз бен тұрақты даму міндеттерімізге сәйкес келтіру үшін жұмыс істеді. Біз жай ғана цемент компаниясына қарағанда, әлдеқайда іргелі компанияға айналдық, біз қазір «Өз болашағымызды құруға арналған материалмыз».

HeidelbergMaterials жаңа әлемдік шатырлы брендімізбен біз бұл өзгерістерді өз клиенттеріміз, акционерлеріміз, қызметкерлеріміз бен өзіміз өмір сүретін қоғам игілігі үшін ілгерілетуді жалғастырамыз.

Біздің жаңа брендіміздің визуалды дизайны біздің стратегиялық ұстанымымыз және біртұтас әлемдік брендке айналуға әкелетін талаптар негізінде әзірленген.

Біздің жаңа дизайнымыз біздің трансформациямызды көрнекті етуге көмектеседі. Біздің жаңа тәжірибеміз негізін үш компонент құрайды: біз өршіл, қолжетімді және құрылыс материалдары саласының іргелі тірегі болып табыламыз.

Жаңа логотип өз бойында ұтымдылық пен эмоционалдылықты біріктіреді. Логотип дәстүрлі құндылықтар мен Топтың болашақ қызмет бағыттарын біріктіреді.

Алғашқы кезеңде ребрендинг Топ деңгейінде басталады, мұнда «HeidelbergMaterials» бірден жаңа бренд ретінде енгізіледі. 2023 жылдан бастап компаниялар біртіндеп Heidelberg Materials деп аталатын болады.

Сіздің күнделікті жұмысыңызға келетін болсақ, шұғыл өзгерістер болмайды. 

Егер сізде біздің жаңа брендинг пен дизайн туралы қосымша сұрақтар пайда болса, маркетинг және коммуникациялар бөліміне хабарласуды сұраймыз. Байланыс деректері газеттің соңғы бетінде көрсетілген.
 

 
Чат
Консультацияға тапсырыс беріңіз

Біздің мамандар Сізге ең қолайлы
ұсынысты таңдауға көмектеседі.

Нысанды толтырыңыз, біз сізге хабарласамыз.