КаспийЦемент компаниясы Маңғыстау ауданының экономикалық және әлеуметтік ілгерілеу мен дамуына белсенді түрде қатысып отырады. Аудан тұрғындарының алдында зауыт беделі артпаса, төмендеген емес.
Ақпанның 16сы күні Маңғыстау ауданы Нұн Жұбаев атындағы №4 мектепте «Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» тақырыбында мектеп бітіруші түлектерге арналған кездесуге құрметті қонақ ретінде мектеп басшысы КаспийЦемент ұжымын шақырды. Кездесудің мақсаты - мектеп бітірушілерге әртүрлі мамандық жөнінде ақпарат беру, болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесу.
Зауыт атынан оқушыларға кәсіптік бағдар беруге әр саланың маманы: Цемент жөнелту цехінің басшысы – Бултеков Мурат, Бас механик – Абдалов Нұргелді, HR маманы – Егеубаев Асқар, Қауіпсіздік техникасы және өмір қауіпсіздігі бойынша инженер – Кетегулова Қорлан таңдалып жіберілді.
Кездесу барысында зауытымызда қандай мамандықтар бар, олардың атқаратын қызметі мен міндеттері жайында ашық айтылды. Оқушылар мамандарға түрлі сауалдарын қойып, еркін әңгімелесу, кеңес беру форматында өтті. Зауыт жайында түсірілген бейнебаян көрсетіліп, шығарылатын өнімнің түрлері таныстырылды. Оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алып, көптеген мамандықтар туралы түсінік алды.
Кездесу соңында мектеп басшысы КаспийЦемент компаниясына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.